Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясында сөз сөйледі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Түркияның Стамбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясы өтті. Жиынға әлемнің 155 елінен делегаттар қатысып, «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбын талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды.
Әлем спикерлерінің басын қосқан жаһандық саммитте Мәжіліс төрағасы сөз сөйледі. Палата спикері қазір біз халықаралық құқықтың беделі әлсіреп, қақтығыстар шиеленіскен, экономикалық дағдарыстар белең алған күрделі де тұрақсыз әлемде өмір сүріп жатқанымызды алға тартты. Е.Қошанов мұндай алмағайып кезеңде парламенттік дипломатияның рөлі арта түсетінін атап өтті.
«Қазақстан әрдайым Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын қатаң сақтауды, ашық әрі сындарлы диалогты, жанжалдардың бейбіт жолмен реттелуін қолдайды. Бұл – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәйекті іске асырып келе жатқан еліміздің сыртқы саясатының іргелі қағидаттары. Біздің мемлекетіміз белсенді түрде бейбітшіл саясат ұстанып келеді. Астана мен Алматы бірнеше рет келіссөздер алаңына айналғаны өздеріңізге мәлім. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиялары құрамында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосып отыр», – деді Мәжіліс спикері.
Мәжіліс спикерінің айтуынша, бүгінде Орталық Азия өңірдегі үйлесімді және көпвекторлы дипломатияның үлгісін көрсетуде. Аймақтағы елдер арасында шекара мәселесі толық реттеліп, гидроэнергетика, көлік, логистика салаларында ортақ ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр. Сол жұмыстың бәріне Қазақстан Парламенті тікелей атсалысуда.
Мәжіліс төрағасы бүгінгі пікірталастың негізгі түйіні әділет ұғымы екеніне ерекше мән беріп, қазіргі уақытта бүкіл әлемде әділдікке деген сұраныс жоғары екенін атап өтті. Осы сұранысқа жауап ретінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құруды өз мандатының басты мақсаты ретінде белгіледі. Бұл мақсатты іске асыру үшін елімізде ауқымды саяси реформалар қолға алынды.
Жиын қорытындысы бойынша Түркия Президенті Режеп Таиып Ердоған әлемнің түкпір-түкпірінен келген Парламент спикерлерімен кездесіп, баршаға белсенділігі үшін зор алғысын білдірді.
Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумға қатысады
- Қошанов ресейлік депутаттардың Қазақстанға қатысты мәлімдемелері туралы айтты
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық