Тоқаев Раисиді Ислам революциясы күнімен құттықтады
Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрагим Раисиді және бүкіл Иран халқын ұлттық мереке – Ислам революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев бүгінде Иранның халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, ұлттық бірлік пен тұтастық идеясын жариялаған Иранның Раисидің басшылығымен алдағы уақытта да биік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе беруін тіледі.
«Сіздің ел Қазақстанның Каспий өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі. Дәстүрлі достық пен саяси өзара байланыстары алдағы уақытта да екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту үшін берік негіз болатынына сенімдімін» деп жазды Тоқаев құттықтау жеделхатында.
Иран Ислам революциясының жеңіс күні ел үшін маңызды оқиға. 1979 жылы төңкеріс 2500 жыл бойы билік еткен монархиялық режимді жойды.
Жаңалықтар
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті