Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі
Фото: Ақорда
Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады. Іс-шара аясында екі ел басшыларының кездесуі жоспарланған.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы 24–25 шілде күндері Омбы қаласында өтіп жатыр. Оған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы қатысуда.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ресей өңірлерінің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздердің негізгі бағыттарының бірі – Самара облысымен туристік және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту болды.
Ресей Федерациясы Самара облысы төрағасының орынбасары Павел Финкпен туризм, білім беру және цифрлық шешімдер саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Павел Финк Самара өңіріндегі қонақжайлылық саласына мамандар даярлау тәжірибесімен бөлісті. Аймақта осы салаға арналған арнайы факультет жұмыс істейді, онда экономика, басқару және құқықтану бағыттары туризм индустриясымен байланысты түрде оқытылады.
Тараптар Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ тәжірибе алмасу және туристік маршруттарды дамыту мен қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұдан бөлек, Самара облысының өкілі өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимылдың жаңа үлгілерін қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, автокөлік өндірісі саласындағы ынтымақтастық мысалға алынды. Кездесу барысында цифрландыру мәселесі де қозғалып, құжаттарды цифрлық форматқа көшіру арқылы ұйымдардың тиімділігін арттыру тәжірибесі талқыланды.
Сонымен қатар, Орынбор облысының вице-губернаторы Антон Ефимовпен жеке кездесу өтті. Келіссөздер барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Орынбор облысы Үкіметі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжат көршілес қарым-қатынасты нығайтуға, экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Достық пен серіктестік белгісі ретінде тараптар екі өңірдің мәдениеті мен дәстүрін танытатын сувенирлермен алмасты.
Форум аясында ШҚО әкімі Омбы облысының көлік министрімен де қысқаша жұмыс кездесуін өткізіп, өңіраралық көлік қатынасын дамыту перспективаларын талқылады.
Өзен көлігіне арналған көрме экспозициясын аралау барысында Нұрымбет Сақтағанов ұсынылған жобалармен танысып, Омбы өзен порты өкілдерімен Шығыс Қазақстандағы кеме қатынасын дамыту және көлік байланыстарын кеңейту жоспарларымен бөлісті.
Жалпы, форум алаңында Шығыс Қазақстан, еліміздің басқа өңірлері және Омбы облысы делегацияларының қатысуымен панельдік сессиялар өтті. Онда су ресурстары, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп өндірісі және басқа да салалардағы тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Шығыс Қазақстанның бұл өңіраралық форумға қатысуы туризм, білім беру, өнеркәсіп және көлік сияқты түрлі бағыттар бойынша нақты жобаларды талқылауға және шекаралас өңірлермен жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін табуға жол ашты.
Еске салсақ, мамыр айында Тәуелсіздік сарайында Қазақстан басшысы мен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті.
Ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірқатар сауда-экономикалық жоба, Амур жолбарыстарын Қазақстанға жерсіндіру, жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы, «Сириус» мектебі бастамалары туралы сөз қылды.
Бұдан кейін президенттер келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдап, БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады