Тоқаев пен Путин Байқоңырға «Союз-5» зымыранының ұшырылымына келеді, жобаға 100 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин желтоқсан айында Байқоңырға арнайы сапар жасауы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгиннің айтуынша, мемлекет басшыларының сапары «Союз-5» зымыран тасығышының ұшырылуына орайластырылып отыр. Алдын ала ұшу мерзімі — 25 желтоқсан деп белгіленген.
«Бәйтерек» жобасы 2005 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен кәсіпорын ретінде құрылған. Жоба «Зенит» ұшыру кешенін жаңа орташа санатты зымыран тасығышқа бейімдеп жаңғыртуды көздейді.
Ашық деректерге сүйенсек, 2025 жылы бұл жобаны дамытуға 60 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Жалпы шығын көлемі 100 млрд теңгеге жақындап қалды.
«Союз-5» зымыранының сынақтық ұшырылымы 2025 жылдың соңына жоспарланған. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар өздерінің технологияларды сынақтан өткізу және атмосфераны бақылауға арналған зымыран тасығышының прототипі бойынша жұмысын бастап кетті. Оның алғашқы ұшырылымы да келесі жылы жүзеге аспақ.
Жақында Байқоңыр ғарыш айлағында есептен шыққан бағалы металдары бар жабдықтар сатылымға шықты.
Orda.kz жуықта «Көп жылғы еңбек құрдымға кетті»: Путиннің жарлығы Байқоңыр тұрғындарының баспаналы болу үмітін үзді деген мақала жариялаған болатын.
2023 жылы Ресей билігі Байқоңыр тұрғындарына ресейлік төлқұжат таратты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық