Тоқаев мемлекеттік сапармен Ресейге барады, ал елдегі форумға онлайн қатысады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.
«Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады», деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.
Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданындағы Капустин Яр полигонында Ресейдің әскери зымыран сынақтары жүргізіліп, жергілікті тұрғындар экологиялық және әлеуметтік қиындықтарға тап болғалы біраз жыл болды. Зымыран сынақтарынан соң олардың қалдықтары Бөкей ордасы аумағына құлап, экология мен тұрғындардың денсаулығына әсер етеді. Өңірде 112 мүгедек бала бар, 400-дей адам радиация әсерінен мүгедек ретінде тіркелген. Тұрғындардың сөзінше, радиация көрсетілген мөлшерден 4 есе көп.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық