Тоқаев құттықтады: Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қосылды

cover Фото: Ақорда мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.       

 Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровты және қырғыз халқын бауырлас елдің 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

«Бұл айтулы оқиға Қырғызстан және тұтас Орталық Азия елдері үшін тарихи мәнге ие. Қырғыз Республикасы президентінің басшылығымен жүргізіліп отырған жасампаз әрі сындарлы саясаттың нәтижесінде Қырғызстанның халықаралық аренадағы беделі жоғары деңгейде танылды. Қазақстан Қырғыз Республикасының кандидатурасын дәйекті түрде қуаттады әрі осы жауапты миссияны атқаруда алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына табыс тілеймін!»  деп жазылған жеделхатта.

Қырғызстан 10 жыл ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне алғаш рет кіріп отыр. Ел 142 дауыс алып, дауыс берудің төртінші кезеңінде Азия-Тынық мұхиты аймағынан орын алған Филиппинді басып озды.

Енді Қырғызстан алдағы екі жылда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес он мүшесінің бірі болады. Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамына Қырғызстаннан басқа Австрия, Португалия, Зимбабве және Тринидад мен Тобаго да сайланды. 

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 15 ел бар. Олардың бесеуі, АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлыбритания тұрақты мүше және вето құқығына ие. Қалған 10 орын дауыс беру қорытындысы бойынша басқа елдер арасында бөлінеді.

16 наурыза Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен жылы құттықтаған болатын.      

Қырғызстан президенті жаңа Конституция бойынша дауыс беру нәтижелері қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағытын кеңінен қолдайтынын толық көрсететінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар