Тоқаев Италияны еліміздегі сирек жер металдарын барлауға шақырды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда сирек жер металдарын өндіру бойынша Италиямен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келген Италия Премьер-министрі Джорджия Мелониге айтты.
«Өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту зор мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл тұрғыда Қазақстан сирек жер металдарының мол қорына ие және біз бұл бағытта Италиямен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Қазақстан Орталық Азиядағы сирек жер металдары кен орындары туралы өзекті ақпаратты жинақтайтын аймақтық зерттеу орталығын құру туралы бастама көтерді. Біз италиялық компанияларға бірлесіп геологиялық барлау және сирек жер элементтері мен минералдарын өндіру үшін қолайлы жағдай ұсына аламыз. Бұл «инвестициялар мен технологиялар — стратегиялық шикізатқа айырбас» формуласы бойынша жүзеге асады», – деді Тоқаев «Орталық Азия – Италия» саммитінде сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ, Президент Тоқаев Қазақстанның Италияға мұнай экспорттаудағы мүмкіндіктері туралы да айтып өтті.
Қазақстан президенті мен Италия премьер-министрі Ақордада кездесу өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Рим папасының қазасына байланысты Италия премьер-министрінің сәуірде Қазақстанға жоспарланған сапары кейінге шегерілген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық