Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары форумында сөйлеген сөзінде әкімдіктердегі «масылдық» туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Әкімдіктер жанындағы бюджеттік комиссиялардың құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын енгізу қажет. Осылайша жұмыстың сапасын арттырып, қаржының тиімді жұмсалуын бақылауға болады. Қомақты қаражатты орынсыз шашып, пайдасыз бастамаларға жұмсауды тоқтату керек. Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін дотацияға ғана иек артпауы тиіс. Масылдық күйден біржола арылу қажет», — деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, жергілікті билік өкілдері табысты арттыру бағытында белсенді жұмыс істеуі керек.
«Бюджетке қатысты шешімдер мынадай негізгі сұрақтарға жауап беруі тиіс: қанша жұмыс орны ашылады, жеке инвестицияның қанша көлемі тартылады, бизнесті дамытуға қандай жағдай жасалады, қанша салық төленеді? Маңыздысын басқасынан дан ажырата білу қажет. Бұл дегеніміз — барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат депутаттары бір командаға бірігіп, ең алдымен мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс», — деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, барлық өңірлердегі мәслихаттар мен әкімдіктер бюджеттегі әрбір теңгенің ел игілігіне жұмсалуын бірлесіп қамтамасыз етуге міндетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық