Тоқаев бастамасы: футбол клубтары жекешелендіріліп жатыр
Коллаж: Orda.kz
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория үкімет отырысында елдегі футбол клубтарын жекешелендіру жұмыстары барысын баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазан айының соңында «Қайсар» ресми түрде жеке меншікке өтті. Клубтың жаңа иесі — TAU Group LTD компаниясының жетекшісі Иманғали Қозбақов.
«Қызылорда әкімдігі футбол академиясының құрылысына жер телімін бөлді. Инвестиция көлемі 12 миллиард теңге», — деді Давид Лория.
Оның айтуынша, 15 қарашаға дейін «Қызылжар» мен «Жеңіс» клубтарын да инвесторларға беру жоспарланған.
«Жеңіс» клубы үшін елорда әкімдігі заманауи футбол академиясын салуға жер телімін бөлді. Клубты инвесторға беру бойынша заңдық рәсімдер осы айдың ортасына дейін аяқталуы тиіс. Академия құрылысына шамамен 16 миллиард теңге инвестиция салынбақ», — деп толықтырды ҚФФ бас хатшысы.
Қарағандылық «Шахтер» клубының жекешелендіру процесі де қараша айының соңына дейін аяқталмақ.
Клубтарды жеке қолға беру бастамасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «футбол клубтары жекешеленуі керек» деген мәлімдемесінен кейін қолға алынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық