Тоғызыншы сынып оқушысы 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: Pexels
Түркістан облысының Леңгір қаласында қатыгез кісі өлтіру оқиғасы болды. Қараусыз қалған ғимараттан жас жігіттің мәйіті табылды. Күдікті ретінде тоғызыншы сынып оқушысы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
dasnews.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, қаза тапқан жігіттің жасы 20-дан асқан. Оның денесі 24 мамыр күні шамамен түскі сағат екілерде табылған. Мәйітті маңайда жүрген күзетші байқап, полицияға хабар берген. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған.
Бұл қылмыс туралы қазір бүкіл Леңгір халқы айтып жатыр. Жергілікті тұрғындарды әсіресе кісі өлтіруге кәмелетке толмаған қыздың күдікті ретінде танылуы шошытқан. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ол жақында ғана тоғызыншы сыныпты аяқтаған.
«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде», деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, қыз Төле би ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №16 мектепте оқиды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық