Төбелес кезінде қаза тапқан Дінмұхамедтің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді
Фото: Orda.kz
Алматыда жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі кәмелет жасқа толмаған азамат қаза тапты. Қаза тапқан 17 жастағы Дінмұхамед Есенгелдінің туыстары әділдік іздеп Orda.kz редакциясына сұхбат берді.
Оқиға Алматы қаласы Алатау ауданында 29 сәуірдің 30 сәуірге қараған түнінде болған. Туыстарының айтуы бойынша жанжал кезінде 17 азамат болған. Оның үшеуі жараланып екеуі қаза тапқан. Әкесі Натан Абдирасиловтың айтуынша Дінмұхамед бірнеше жерден пышақ жарақатын алған.
«Оқиғаның қалай болғанын білмейміз. 30 сәуір таңертең суық хабар келді. Дінмұхамедтің жанында досы болған. Жарақат алғаннан кейін оқиға орнынан қашпақ болған. Бірақ алған жарақатының ауырлығынан Дінмұхамед жарты жолда құлап, көп қан жоғалтқан. Пышақтаған бала мойындап отыр», - дейді әкесі
Дінмұхамед бір апта бұрын әпкесіне Әкежан есімді азаматтың ақша бопсалап жүргенін айтқан.
«Інім екеуміз жиі сырласатынбыз. Бір апта бұрын маған ол Әкежан маған аптасына 5000 теңге беріп отырасың деп жатыр бұның арты жақсылыққа бармайда деді. Мен ініме бұндай балаларға жоламауды өтіндім. Біз бауырымның достарын танимыз. Бірақ мына Әкежанды танымаймыз. Төбелес кезінде екі тараптан бір бір баладан қаза тапқан», - дейді әпкесі Айдана.

Дінмұхамед әпкесіне қыстан бері бопсалап жүргенін айтқан. Сонымен қатар марқұм әпкесінен ешкімге айтпауды өтінген.
«Дінмұхамед балам 17 жаста еді. Сол күні жұмысқа кеттім деп кеткен, достарымның үйінде боламын деп ескерткен. Кәмелетке толмаған баламды аяусыз өлтіріп кетіпті. Баламның сүйегін үйге алып келгенде баламның қатты қиналып өлгенін түсіндім. Жан тапсырғанда ернін тістелеп тастапты, қиналып өліпті. Баламды өлтіргендердің ата-анасы кешірім сұрап келмеді. Баламды ит сияқты пышақтап тастапты. Баламда пышақтамай ұрып кетсе соған риза болар едім», - деді көз жасын тыя алмаған анасы Гүлшат.

Марқұмның анасының айтуынша пышақ салған Әкежан есімді 20 жастағы азамат. Дінмұхамедтің туыстары айыпталушыларды толықтай қатаң жаза алсын деп сұрап отыр.
Дінмұхамедтің досы Арыстанбек Нариман екеуі сол төбелес кезінде бірге болған. Дінмұхамед жараланған сәтте Нариман арқалап бірге қашқан. Марқұм жолда әлсіреп үйіне жете алмаған сол жерге Нариман жедел жәрдем шақырып, Дінмұхаметің алған жарақаттарын басып көмек беруге тырысқан. Марқұмның үйінде Нариманның да әкесі болды. Нариман қазірге таңда қамауда отыр.
«Олар бірінші сыныптан бері бірге оқыған достар, сыныптастар. Ал Димаш пышақ жарақатын алған кезде, сіздің ұлыңыз не дейді? Иә, олар екеуі бірге қашып кеткен кезде, Димаш сол сәтте есеңгіреп қалған. Қашып кеткеннен кейін ғана оның бірнеше рет пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Ұлым қорыққанына қарамастан қайта оралып, оның аман қалуы үшін барынша көмектескен. Оның қолында кола бөтелкесі болған, есін жиғызу үшін бетіне кола құйған, өйткені ол есінен танып бара жатқан. Сонымен қатар сол сәтте жарақаттарын жапқан. Қан тоқтату үшін оларды немен жапқанын білмеймін»,— деді Нариманның әкесі Арслан.
Нариманның әкесінің айтуынша досы қолында қаза тапқаннан кейін баласы Нариманның да қазіргі психологиялық жағдайы онша емес. Ол қазір тергеу абақтысында отыр. Әлі күнге дейін күдікті немесе күәгер статусы берілмеген.
Еске салар болсақ, қайғылы жағдай түнгі уақытта компьютер клубы маңында болған. Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, жасөспірімдердің бірі досынан көмек сұрап, сөйлесуге шақырған. Сол жерде шамамен оншақты жігіт жиналып, жанжал төбелеске ұласқан. Төбелес барысында олардың бірі қарсыласының жүрек тұсына пышақ салған. Мұны көрген екінші жасөспірім ашуланып, күдіктінің соңынан жүгірген, алайда кейін өзі де пышақ жарақатынан көз жұмған.
Туыстарының сөзінше, жанжал компьютер клубының ішінде басталып, кейін сыртта жалғасқан. Ауызша кикілжің бір сәтте жаппай төбелеске айналып, суық қару қолданылған. Салдарынан екі кәмелетке толмаған жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.
«Алматы қалалық полиция департаменті 12 күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Олардың барлығы 17-18 жастағы жастар. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, дене жарақатын тікелей салған тұлғалар анықталып, қамауға алынған. Сонымен қатар, төбелеске қатысқан басқа да адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Айта кетейік, ауыр қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады», деп мәлімдеді полиция департаменті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық