Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
Фото: Orda.kz
Ақтөбенің Шалқар ауданында саябақта электр тоғы соғып, жансақтау бөліміне түскен оқушы ауруханадан үйіне шықты. Ұлының денсаулығына алаңдаған ана жергілікті әкімдікті саябақ құрылысын сапасыз салды деп айыптады. Айтуынша, баланың бойындағы ток тілін кескенде шыққан, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Зардап шеккен баланың анасы 19 маусым күнгі оқиғаның қалай болғанын баяндады.
«Сол күні балам есік алдында ойнап жүрді. Саябақ есіктің алдында тұр. Кешкі сағат 21:15-те бір бала «Апа, Нұргелді токқа түсіп қалды» деп жүгіріп келді. Барсам балам жерде сұлқ жатыр. Бір келіншек «жәдел жәрдем» деп жүгіріп жүр. Бала қисайып тұрған лампаны дұрыстаймын дегенде ток ұрады. Темірге жабысып қалады. Бетінде күйік бар. Түрі адам танымастай көкпеңбек, аузы көпіріп жатты. Дәрігерлер барынша алғашқы көмек көрсетті. Токтың қай жерден болғанын іздеді. Реаниматологтар Ақтөбемен тікелей байланысып отырды. Аяғын кесті, қолын кесті. Ешқандай реакция бермеді. Сонымен түнгі сағат 3-те бала тісін қайрады. Аузы толған қан болды. Баланың тілін 4 жерден кескен кезде, ток сол жерде шықты. Сол кезде бала терең демалып, қайрап жатқан тісі басылып, ұйықтап қалды. Қатты қиналды. Қазір баланың жағдайы жаман емес. Үрей, қорқыныш бар. Бетінде тесік бар. Тіліне қызыл май жағып, дұрыстап алдық. Тағы біраз минут тұрғанда, күйіп кететін еді. Бұл жағдай әкімдіктің жауапсыздығынан болды», — деді баланың анасы Назгүл Дуюсова.
Жеткіншектің анасы оқиғаға жергілікті атқамінерлерді кінәлады. Айтуынша, саябақ асығыс салынған.
«Әкімдік тым-тырыс, ешкім келмеді, жағдайын сұрамады. Іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр деп естідік. Әкімдік «кінәміз жоқ, балаға қарамай ма» деп отырған шығар. Өздерінің баласы болса, басқаша болар еді. Бұл саябақтың шамдары салғаннан қисайып тұрды. Бір айға жетпейтін уақытта асығыс салды. Кінәлілер тиісті жазасын алсын», — деді баланың анасы.
Аудандық әкімдік 11 млн теңгеге салынған саябақтың жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Демалыс орнының шамы сөндіріліп, электр тоғы ажыратылған.
«Қазір саябақ жұмыс істеп тұр. Демалып, отыруға болады. Тергеу амалдарына байланысты ток ажыратылды. Ол жерге көшенің шамдары да жарық түсіреді. Саябақ 11 млн теңгеге жергілікті бюджет қаржысына салынды. Кеңес одағының батыры Үргенішбаевтың аллеясы Жеңістің 80 жылдығына орай абаттандырылды. Шағын демалыс орнына тал егілді, орындықтар қойылды, төбесі жабылды», — деді Шалқар ауданы әкімдігі.
Айта кетейік, осыған дейін тілшіміз тоқ соққан оқушының жансақтау бөліміне түскенін жазды. Полиция «Қызмет көрсету талаптарына сай болмау» бабы бойынша тергеу бастаған еді. Қазіргі уақытта іс тергеліп жатыр, сараптама қортындысы шықпаған.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық