Ақтөбеде тоқ соққан оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 10 жастағы бала скверде ойнап жүріп, тоқ соғып ауыр жарақат алды. Жасөспірім санавиациямен Ақтөбе қаласына жеткізіліп, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 19 маусым күні Шалқар қаласындағы Ідіріс Үргенішбаев көшесінде болған. Оқушы сквердегі жарық шамының үстіне шыққан кезде тоқ соққан.
Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
«Бала ойнап жүріп, жарық шамының үстіне шыққан. Бұл сквер 9 мамыр қарсаңында ғана салынған болатын. Көмек дер кезінде көрсетілді. Бүгін таңертең санавиациямен Ақтөбе қаласына жеткізілді», – деді әкім.
Дәрігерлердің айтуынша, оқушы термиялық күйікке шалдыққан. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімет берді.
«19 маусым күні 10 жастағы бала жедел жәрдеммен Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мамандарымен бейнебайланыс арқылы консилиум өтті. 20 маусымда санавиация арқылы облыс орталығына жеткізілді. Қазіргі жағдайы ауыр»
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Шалқар аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 306-бабы — «Қызмет көрсету талаптарына сай болмау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бала медициналық мекемеде. Қазір оқиға себептері мен жауапты тұлғалар анықталуда» , деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық