Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты даудан кейін кино түсіруді тоқтатады
Фото: Әлеуметтік желіден
Енді Tiger Films жаңа фильмдер түсірмейді. Кинокомпания фильм өндірісін тоқтататынын ресми түрде жариялады. Бұл шешімді Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты қоғамда туындаған сын мен соған байланысты қаржылық шығындардан кейін қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Tiger Films-тің продюсері Алмат Шадмат қазіргі жағдайда кино саласындағы жұмыс тиімді емес екенін атап өтті.
«Фильм жасау – қаржылық және бедел тұрғысынан үлкен қауіп-қатерге толы. Ертең еркін және кедергісіз жұмыс істей аламыз деген сенім жоқ», – деді ол.
Компания постпродакшн кезеңінде тұрған жобаларды аяқтайды. Алайда жаңа фильм түсірмейді. Бұдан былай Tiger Films кинотехникаларды жалға беру ісіне көшпек. Төрт жыл ішінде студия 56 жобаны жүзеге асырған.
Кинокомпанияның шешіміне қатысты қазақстандық киносыншы Кәрім Қадырбаев пікір білдірді. Ол Facebook парақшасында «Руың кім?» фильміне байланысты ұзақ уақыт бойы көрсетілген қысымның нәтижесінде компания жұмысын тоқтатқаны туралы жазды. Кадырбаев Tiger Films студиясы жүздеген киноиндустрия мамандарына жұмыс орнын ашқанын еске салды. Ол компанияның қызметі біреуге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін екенін, бірақ бір қарапайым комедиядан халық бірлігі бұзылып кетпейтінін айтты.
Айта кетейік, кеше, 23 желтоқсан күні Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ өнерінің алыбы Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық