«2 млрд теңге жымқырған»: Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы мен әріптестері ұсталды
Фото: gov.kz
Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен оның әріптестері ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметінше, ауруханаларға қажет емес медициналық жабдықтар бірнеше есе қымбат бағада жеткізілген. Осы арқылы мемлекетке келтірілген залал көлемі 2 миллиард теңгеден асты.
Аталған іс бойынша экс-басшы Данияр Жандаев, оның орынбасары Ерболат Доспанов, бір аудандық аурухананың бас дәрігері және жабдықтарды жеткізуші компания өкілі ұсталды. Қай аудан туралы сөз болып отырғаны әзірге нақты айтылмады.
Бұл жағдайға қатысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов та пікір білдірді. Ол күдіктілердің ұсталғанын растағанымен, тергеу жұмысына араласпайтынын айтты.
«Бұл іспен прокуратура айналысып жатыр. Олар нақты бағасын береді. Өзге пікір айта алмаймын», — деді әкім.
Ақсақалов сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіндегі сатып алу процесін бақылауды күшейту қажет екенін мойындады.
Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары барлық күдіктілерге қатысты нақты шешімді тергеу нәтижесі бойынша шығарады.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өзіне қол жұмсады. 46 жастағы шенеуніктің денесі өз үйінен табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық