Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
ФОТО: Kazakhstan Canoeing and Rowing Family
Таиландта өтіп жатқан ескек есу слаломы бойынша халықаралық рейтингтік Thailand Open турнирінде қазақстандық спортшы каноэ бағдарламасында үздік атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Таиландтың Районг қаласында жалғасып жатқан жарыстың кезекті күні Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Бұл жүлдені қазақстандық спортшы Александр Куликов иеленді. Ол каноэ бағдарламасы бойынша жекелей сында жеңіске жетті.

Финал қорытындысы бойынша Куликов 86,51 секунд нәтиже көрсетті. Қақпаға тигені үшін 2 секунд айып уақыты қосылғанына қарамастан, қазақстандық спортшы қарсыластарынан озып, бірінші орынды иеленді.
Жарыс жүлдегерлері:
- 1-орын — Александр Кулииков (Қазақстан)
- 2-орын — Кейго Ямамото (Жапония)
- 3-орын — Севан Билло (Австралия)
Үздік бестік қатарына Қазақстанның тағы бір өкілі Қуаныш Еренғайыпов та енді. Ол төртінші орынды иеленді.
Турнирдің алдыңғы күндері қазақстандық спортшылар үш күміс және екі қола медаль жеңіп алған болатын. Күміс жүлдегерлер: Иманғали Мамбетов (каяк), Анастасия Ананьева (каноэ) және Екатерина Таранцева (каяк-кросс). Қола медальді Владислав Рябко мен Тимур Рынк (екеуі де – каяк-кросс) иеленді.
Thailand Open турнирі 8 наурызда аяқталады. Одан кейін спортшылар Паттайяға аттанып, 18 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатына қатысады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық