Темекі шеккені үшін тізімнен шығарылған тыл ардагерін әкім арнайы құттықтады
Жергілікті тілшілеріміздің мәліметінше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «темекі шеккені үшін» тізімнен шығарылған тыл еңбеккері Хауа Бұланбаеваны жеке құттықтады.
Жеңіс күні қарсаңында өңір басшысы Даниал Ахметов Өскемен мен Семейдің бірнеше ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнайы барды. Олардың арасында 99 жастағы Хауа Бұланбаева да бар.
Еске салсақ, 4 мамырда ардагердің немересі Марат Нұрмұхамбетов «егде жаста темекі шегетіні үшін» әжесінің тізімнен шығарып тастағанын Instagram желісінде хабарлаған болатын.
https://kaz.orda.kz/ardagerler-ke-esi-100-zhasta-y-tyl-e-bekkerin-tizimnen-za-syz-shy-ardy/

Оқиға қоғамда алаңдаушылық тудырып, аймақ әкімі Даниал Ахметовтың жеке араласуына тура келді. Ол 99 жастағы тыл ардегеріне жеке өзі баруға уәде беріп, «Ардагерлер ұйымы» басшысына сөгіс жариялаған болатын.
Әкім уәдесінде тұрып, тыл ардагерін тізімге қостырды. Ол Хауа Бұланбаевадан басқа, бірнеше ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне арнайы қонаққа барды. Олардың әрқайсысына гүл шоқтары, жеміс себеттері, шайға тәттілер, тоңазытқыш және кір жуғыш машиналар, әскери заттар мен ақшалай сыйлықтар берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық