«Техастағы су тасқыны»: 82 адамның денесі табылды
Фото: Бейнеден кадр
Техастағы су тасқынынан кем дегенде 82 адам қаза тапты. Жергілікті биліктің мәліметінше, қырықтан аса жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Orda.kz.
Гвадалупе өзенінің жанындағы жазғы лагерьде болған 27 адамның денесі табылды. Қаза тапқандардың арасында лагерь директоры Дик Истленд те бар.
4 шілде күні Гвадалупе өзені арнасынан асып, су Керр округіне және басқа аудандарға жетті. Су деңгейі небәрі 45 минутта сегіз метрге көтерілді. Округтің өзінде кем дегенде 68 адам қайтыс болды. Оның 28-і бала және 40 ересек адам. Соңғы мәліметтер бойынша, көршілес Кендалл округінде екі адам қаза тапқан. Трависте – алты адам, Бернетте– төрт адам, Уильямсон және Том Грин округтерінде бір адамнан қаза тапты.
Полиция мәйіттерді анықтау үшін қаза тапқандардың отбасы мүшелерінен ДНҚ үлгілерін жинауда. Техас губернаторы Грег Эбботт тұрғындарға қауіп сейілмегенін айтып, ескерту жасады.
Айта кетейік, кеше, 6 шілде күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Техас штатында болған жойқын су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық