АҚШ-тағы су тасқыны: Тоқаев Трампқа көңіл айтты
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Техас штатында болған жойқын су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мемлекет басшысы табиғи апат салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты қайғыны терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, марқұмдардың отбасылары мен жақын туыстарына көңіл айтты», — делінген жариялаған Ақорда жеделхатта.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Техастағы ахуал
Deutsche Welle мәліметінше, Керр округінде 43 адамның мәйіті табылды, олардың 15-і — балалар. Тағы жеті адамның денесі көршілес екі округтен табылған. Табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 50-ден асқан.
Округ шерифі Ларри Лейтаның айтуынша, Гуадалупе өзенінің маңында орналасқан жазғы лагерьде демалып жатқан 27 қыз бала әлі табылған жоқ. Сонымен қатар бірнеше баланың және ересек адамның жеке басы анықталмаған. Құтқарушылар лагерьдегі шамамен 750 қызды аман алып шыққан.
Апаттың негізгі себебі — өзен деңгейінің кенет көтерілуі. 4 шілдеге қараған түні су 45 минут ішінде сегіз метрге дейін жоғарылаған. Техастың бірнеше қаласында төтенше жағдай енгізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық