Тегеран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
Фото: icma.az
Иран билігі бүгін бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Біз өзіміз достас деп санайтын бірнеше елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бердік. Олар: Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістан. Қарсыластарымызға бұғазды пайдалануға мүмкіндік берудің мәнін көріп тұрған жоқпыз» деген Аракчидің сөзін жергілікті «Әл-Әлям» телеарнасы келтірді.
Аракчидің айтуынша, Ормуз бұғазы арқылы өту тек қарсылас елдердің кемелеріне тыйым салынған, ал Тегеран ондай елдер қатарына АҚШ пен Израильді жатқызады.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап, Иран мақұлданған тасымалдаушылар үшін бұғаз арқылы ақылы өту тәртібін енгізгенін жазған болатын. Сондай-ақ агенттік транзитті мақұлдау жүйесінің іске қосылуы күтіліп отырғанын хабарлаған.
21 наурызда Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастағанын хабарлаған едік. Енді жағдай өзгерді, бұғаз арқылы жүзіп өткің келсе – ақысын төле. Lloyd’s мәліметінше, әзірге тек бір танкер «қауіпсіз өту» үшін Иран билігіне 2 млн доллар «баж» төлеген. Иранға қарсы санкциялар жағдайында бұл төлемнің қалай жүзеге асырылғаны белгісіз.
Оқи отырыңыз:
- Соғыс басталғалы бері Ормуз бұғазынан алғашқы Ирак танкері өтті
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық