Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
Фото: Oil Price
Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді өткізуді қайтадан бастады, бірақ бұл енді ақылы түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Тегеран Ормуз бұғазы арқылы сауда кемелерін өткізу үшін «баж салығын» енгізді. Бұл – әлемдегі мұнай жеткізілімінің әр бесінші баррелі және сұйытылған табиғи газ (СТГ) тасымалының 30%-ға дейінгі бөлігі өтетін аса маңызды теңіз жолы.
Lloyd’s List дереккөздерінің хабарлауынша, жаңа тәртіп бойынша барлық кемелер Тегеран бақылауындағы Ларак аралы маңындағы Иранның аумақтық суларымен өтіп, Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) бақылауында болады және алдын ала «ілеспе қызмет» үшін ақы төлеуі тиіс.
10 наурызда ИРСК әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, контр-адмирал Алиреза Тангсири барлық кемелер Ормуз бұғазы арқылы өту үшін Ираннан рұқсат алуы керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай рұқсат АҚШ пен Израиль елшілерін елден шығарған мемлекеттерге ғана берілмек. Үш күннен кейін қауіпсіздік кепілдігі Ирак кемелеріне де ұсынылды.
Енді жағдай өзгерді, бұғаз арқылы жүзіп өткің келсе – ақысын төле. Lloyd’s мәліметінше, әзірге тек бір танкер «қауіпсіз өту» үшін Иран билігіне 2 млн доллар «баж» төлеген. Иранға қарсы санкциялар жағдайында бұл төлемнің қалай жүзеге асырылғаны белгісіз.
Дереккөздердің айтуынша, Үндістан, Пәкістан, Ирак, Малайзия және Қытай жаңа механизмді пайдалану бойынша Иранмен келіссөздер жүргізе бастаған.
Бұған дейін АҚШ Ормуз бұғазын қайта ашу үшін Иранның оңтүстік жағалауына жақын орналасқан бір немесе бірнеше аралды басып алу мақсатында теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін екендігі хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық