Тәуелсіздік күні Астана мен Алматыда қайда баруға болады
Фото: Orda.kz
16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл мереке сейсенбіге түсті, сондықтан ел тұрғындарына апта ортасында бір күндік демалыс берілді. Бұл күнді үйден тыс өткізудің жақсы себебі - қалаларда спорттық, мәдени және ойын-сауық шаралары жоспарланған, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен Астана мен Алматыда қандай іс шара ұйымдастырылған екен.
Астанада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерттер, сондай-ақ мәдени және қоғамдық іс-шаралар жоспарланған. Қала әкімдігі нақтылағандай, биыл дрондар шоуы мен отшашу болмайды. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекені қалай өткізудің бірнеше нұсқасы ұсынылды:
- Таңғы сағат 9:00 Archer клубында садақ атудан Астананың ашық кубогы өтеді;
- Сағат 10: 00-де Ұлттық музейде Қазақстанның тарихы мен табиғатына, ежелгі қытай қолданбалы өнері мен этнографиясына арналған көрмелер өз жұмысын бастайды. Билет алып кіре аласыздар.
- Сағат 18:00 Мемлекеттік драма және комедия театрында «Сәйгүлік» спектаклі қойылады;
- 19: 00-де Carlin Stand Up Bar-да жергілікті әзілкештер: Мәдина Байболова, Жамбыл Күлдеев, Слава Клочков және Абай Женесовтың стендап-концерті өтеді. Кіру үшін билеттер сатылады.
- 20: 00-де Harat's Irish Pub EXPO-да жаңа келгендерге арналған куиз ойыны өтеді. Ойын кезінде кез келген тақырыптағы алпысқа жуық сұрақ қойылып, жеті раундтыұ ойын екі сағаттан астам уақытқа созылады. Кіру бронь бойынша.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, Тәуелсіздік күні мен желтоқсан оқиғасының 39 жылдығы қарсаңында қала басшылығының, депутаттардың, жұртшылық пен 1986 жылғы оқиғаларға қатысушылардың қатысуымен Тәуелсіздік монументі мен «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Бұдан басқа, қалада бірқатар басқа да іс-шаралар жоспарланыпты:
- Сағат 9:00 «Яблоко» шығармашылық академиясы ақ балшықтан жасалған жаңа жылдық мүсіндер жасау бойынша шеберлік сыныбын өткізеді. Кіру үшін билет сатып аласыз;
- Сағат 12:00 «Игра» театры «Кеме жанында» отбасылық спектаклін көрсетеді. Билетпен кіре аласыз;
- 17: 00-23: 05 аралығында ашық аспан астында Open Cinema Almaty кешкі кино көрсетілімдері өтеді. Арнайы 4 фильм көрсетіледі: «Коко құпиясы», «Күңгірт 1 бөлім», «Вегастағы ұлдар үйі» және «Астрал».
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
2023 жылы 1986 жылғы Желтоқсан мен 2022 жылғы Қаңтардағы қайғылы оқиғалардың шымылдығына айналған Алматыдағы Республика алаңы 16 желтоқсан күні таңертең жартылай бос болды, артынша белсенділр келіп талаптарын қойды, ол туралы Orda.kz репортажын осы жерден оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық