Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш бас муфтиі Рәтбек қажы бақилық болды
Фото: әлеуметтік желіден
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш бас муфтиі, көрнекті дінтанушы ғалым Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы қазаны дінтанушы Бейбіт Сапаралы жеткізді. Оның айтуынша, Рәтбек қажы Нысанбайұлы тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ елінің тұңғыш бас мүфтиі, ҚМДБ-ның алғашқы төрағасы болған.
1990 жылы Қазақстан Орта Азия мұсылмандары діни басқармасының құрамынан шығарылып, дербес Қазақстан мұсылмандарының муфтияты құрылды. Кейін бұл құрылым Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болып қайта ұйымдастырылды. Аталған ұйымның алғашқы басшысы әрі бас мүфтиі болып Рәтбек Нысанбайұлы тағайындалып, бұл қызметті 2000 жылға дейін атқарды. Сондай-ақ, ол Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры атанған.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
Айта кетейік, Астанада 82 жастағы шал шөбересін зорлағаны үшін 20 жылға сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық