Астанада 82 жастағы шал шөбересін зорлағаны үшін 20 жылға сотталды
Фото: Envato
Астана соты 82 жастағы ер адамды жеті жастағы шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры мәлімдеді. Қылмыс былтыр сәуір айында баланың туған күнін тойлаған кезде жасалған. Күдіктіні туыстары қылмыс үстінде байқап қалған. Ал қария қашып кеткен. Алайда бір тәуліктен соң полиция оны ұстады.
Дина Смайылованың айтуынша, қыздың анасы 2025 жылдың 5-6 сәуіріне қараған түні оқиғадан кейін бірден баланы тексеруге апарған. Сонымен қатар, әулеттегілер қылмыскердің жасы үлкен деп, істі сотқа бермеуге көндірмек болған екен.
Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі «Жыныстық зорлық-зомбылық көрсету» бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Айта кетейік, былтыр қазан айында кәмелеттік жасқа толмаған Алматы облысының тұрғыны 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық