Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
Фото: Personal Photographer / Wikimedia Commons, CC0
Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы, миллиардер Кеңес Рақышевтен днепрлік Вячеслав Мишалов пен Дмитрий Шевчук атты екі кәсіпкер украиналық «БТА Банкті» сатып алуға ниетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Forbes-тің мәліметіне сүйенсек, Украинаның монополияға қарсы комитеті (УМҚК) мәмілені мақұлдады. Енді оны Украина Ұлттық Банкі (УҰБ) қарайды. Оған бұл туралы құжаттар 2025 жылдың 26 маусымында келіп түскен. Заң бойынша, банк сатып алу объектісі ретінде жеке өтініш беруге міндетті емес.
Мишалов үлестің 70%-на, ал Шевчук 30%-на үміткер. Бұл кәсіпкерлердің бірі «Фрегат» интернет-провайдері мен «Фортрес» инвестициялық қорының ортақ иесі болса, екіншісі «МПСС Финанс» қоры арқылы қаржыға қатысады. Екеуі де «Є Гроши» компаниясына 11%-дан иелік етеді.
«Бізде УМҚК-ға өтінім беруге мүмкіндік беретін алдын ала келісім бар», – деді украиналық БТА кеңесінің төрағасы Әлібек Мұхамед-Рахимов.
УҰБ-ның 1 маусымдағы мәліметі бойынша, сатылымға шыққан украиналық банктің Киевте шағын кеңсесі бар. Оның 355,2 млн гривен активі, 197,3 млн - капиталы, 14,3 млн - шығыны бар.
Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында Кеңес Рақышевті «Астана Опера» театрының қамқоршылық кеңесінен шығару жоспарланған болатын.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 3 шілдеден бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне Талғат Алдыбергенов тағайындалды. Жаңа басшы кім, еңбек жолы қандай екенін жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық