Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
Коллаж: Orda.kz
2025 жылғы 3 шілдеден бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне Талғат Алдыбергенов тағайындалды. Жаңа басшы кім, еңбек жолы қандай? Orda.kz осыны анықтап көрді.
Тәжірибесі мен еңбек жолы
Талғат Алдыбергенов — Алматы теміржол көлігі инженерлері институтының «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Салада 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
- 1992–1998 жылдар аралығында Батыс Қазақстан теміржолында тауар кассирі, қабылдаушы-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры болып еңбек етті.
- 1998–2007 жылдары «Фирмалық көлік орталығы» Ақтөбе филиалының басшысы, «Қазтранссервис» директоры, «ҚазМұнайГаз» компаниясының логистика департаментінің жетекшісі болды.
- 2008–2019 жылдары «Кедентранссервис» компаниясының президенті, «АвтоГазАлматы» ЖШС бас директоры, «Kazakhmys Maker» компаниясының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
- 2024 жылдан бері ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
Кәсіпкерлік және туыстық байланыстар
Алдыбергеновтің еңбек жолы негізінен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда өтті. Сонымен қатар ол «АстанаТрансЭкспресс» ЖШС-нің құрылтайшысы болған. Компания жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару бағытында 20 жылдан астам жұмыс істейді. Алдыбергенов бұл компанияда толық құрылтайшы мәртебесін тек 2020 жылы ғана алған.
Arasha.kz хабарлағандай, 2025 жылы ол «Каспий» сауда биржасының акционерлерінің қатарынан табылды. «АстанаТрансЭкспресс»-тен шығып кеткен соң компанияда тек әпкесі Айгүл Матжанова қалды.
Басылымның пікірінше, Талғат Алдыбергеновтің отбасы мемлекеттік тапсырыстар, логистика және бұрынғы саяси элитамен тығыз байланысқан ауқымды бизнес-империяны бақылайды.
Отбасы бизнесі: кім немен айналысады?
Жария деректерге сүйенсек, Алдыбергеновтің зайыбы Эльмира Қолғанатқызы келесі табысты компанияларға иелік етеді:
- «Бүркіт Логистик» – жылдық табысы шамамен 81 млн теңге;
- «Игілік – РД» – жылдық табысы 224 млн теңгеге жуық;
- PORTO COM – 2022 жылы 922 млн теңге пайда көрсеткен.Қазір бұл компанияны Талғаттың әпкесі Айнұр Шәмшеденова басқарады.
Ұлы Дәурен Алдыбергенов — бұған дейін ҚТЖ-ға қарасты KTZ Express филиалын басқарған. Қазір ол бірнеше IT-компанияның құрылтайшысы, олардың бірі – A TO Z TECHS LTD – 2022–2023 жылдары Жетісу облысы әкімдігінен және бірқатар мемлекеттік мекемелерден 35 млн теңгенің келісімшартын ұтқан. Бұл компанияда бұған дейін президенттің бұрынғы көмекшісі Әсет Исекешевтің інісі Ерлан Исекешев те құрылтайшы болған.
Ағасы Серік Алдыбергенов — Батыс Қазақстан облысында тендерлерді жиі жеңіп алатын «Аксай-ПромИнвест» компаниясының басшысы (мемлекеттік келісімшарттардың жалпы сомасы — 481 млн теңге). Сонымен бірге, ол пайдасы 111 млн теңгеге жеткен Quantum Capital LTD компаниясының да құрылтайшысы.
Қайын әпкесі Айнұр Шәмшеденова бірнеше ірі активке ие. Олардың бірі — тауардың кең ассортиментімен көтерме сауда жасайтын CENTERSTROYINVEST-M компаниясы. 2025 жылғы пайдасы 10,7 млн теңге (2018 жылы — 33 млн-нан астам). Бұл компания құрылтайшыларының арасында VECTOR ENTERPRISE те бар, оны Тимур Құлыбаевтың сенімді өкілі Раушан Сағдиеваның ұлы Ермек Баймұханов басқарады. Сонымен бірге, құрылыс материалдарын өндіретін WEST GROUP компаниясы да 2025 жылы 150 млн теңге табыс тапқан.
Шикізат экспорты мен Алдыбергеновтің ізі: «Қазақмыс» кімнің қолында?
2016–2019 жылдары Талғат Алдыбергенов KCC B.V. (Нидерланды) құрамындағы Kazakhmys Maker компаниясын басқарған. Бұл құрылым атышулы кәсіпкерлер — Владимир Ким мен Эдуард Огай басқаратын Kaz Minerals пен Қазақмыс Холдинг топтарымен тығыз байланысты.
Осы кезеңде Алдыбергеновтің негізгі бағыты — «Қазақстан темір жолы» арқылы экспортталатын шикізат тасымалына тікелей қатысы болған.
Миллиардтар айналымы
БАҚ-тың мәліметінше, Алдыбергеновтер отбасының логистика және құрылыс саласындағы бірнеше компаниясы жыл сайын 6,3 миллиард теңгеге дейін табыс табады. Олардың ішінде:
- «АстанаТрансЭкспресс» – 130 млн теңге
- «Беркут Логистик» – 81 млн теңге
- «Игілі – РД» – 224 млн теңге
- PORTO COM. – 922 млн теңге
- «Аксай-ПромИнвест» – 4,6 млрд теңге
- Quantum Capital LTD – 111 млн теңге
- WEST GROUP – 150 млн теңге
- A TO Z TECHS LTD – 55 млн теңге
Бұл компаниялардың барлығы мемлекеттік тапсырыстар, логистикалық және құрылыс келісімшарттары аясында жұмыс істейді.
Алайда осы жүйелі мемлекеттік қаржыландыруға қарамастан, аталған активтердің декларациялануы немесе ықтимал мүдделер қайшылығы туралы ешқандай ресми дерек жоқ.
Жаңалықтар
- Абай облысында әскерге шақырылғандарды медициналық тексеру үшін 40 млн теңге артық төленген
- Еліміздің төрт боксшысы Әлем чемпионатының финалына өтті
- Стивен Уиткофф Берлинде Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен кездеседі
- Алматыда жыл басынан бері 30-ға жуық шетелдік есірткі қылмысы үшін сотталды
- Маңғыстау облысында теңіз балығын өсіретін алғашқы ферма пайдалануға берілді
- Трамп Камбоджа мен Таиландтағы атыс тоқтағанын мәлімдеді, бірақ ұрыс жалғасуда
- Тимур Турлов бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі басқарған құрылымға жасақталды
- Қарағанды облысындағы дәмханада газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты
- Алматыда сегізінші сынып оқушысы әлеуметтік желілердегі мектепке қатер төндіргені үшін ұсталды
- Шымкентте бір ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген деген күдікпен қамалды
- «Қыз Жібек» фильмі: қырғыз режиссер жайлы дау не себепті қозғалды?
- Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен кетті
- СҚО-да сабақ үстінде химия мұғалімінің беті күйіп қалды
- Жапонияда күшті жер сілкінісі болды: цунами қаупі төнді
- Kundelik жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке деректері желіге тарап кетті
- Қарағандыдағы жалдамалы пәтерде 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің өлі денесі табылды
- Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысы 110 млн ісі үшін қайта жауап берді
- Қазақстандық жас спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
- СҚО-да шенеунік пара алып, қызметін ақша көзіне айналдырғаны үшін сотталды
- Зейнетақы жинағынан ақша алуға болатын тағы бір қызметке тыйым салынды