Тәртіп жоқ жерде жақсы білім беру мүмкін емес – Саясат Нұрбек НЗМ-дегі дауға қатысты
Фото: Facebook / Ануар Жангозин
Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болған жағдайға қатысты өз ойын айтты. Бұл оқу орнында 11-сынып оқушысы бақылау жұмысы кезінде ереже бұзғаны және мұғалімді балағаттағаны үшін мектептен шығарылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып жатыр. Себебі жағдай түлектер кешіне санаулы күн қалғанда болған. Әуелі министр мұндай мәселелерге пікір айтуға құқығы жоқ екенін, себебі орта білім жүйесі үшін жауапты емес екенін ескертті. Алайда, жеке пікірін айта кетті.
Оның айтуынша, мұндай жағдайларда басты назар академиялық адалдыққа аударылуы тиіс.
«Академиялық адалдық, яғни academic integrity ұғымы өте маңызды. Бұл – бүкіл білім беру жүйесінің іргетасы. Мықты білім жүйесін әділетсіздікке, бұрмалаушылыққа және ашықтықтың болмауына қатысты қатаң ұстанымсыз қалыптастыру мүмкін емес», — деді Нұрбек.
Министр атап өткендей, Финляндия, Солтүстік Америка, Еуропа сияқты білім саласының көшбасшы елдері дәл осы академиялық бұзушылықтарға ымырасыз қараудың арқасында жоғары деңгейге жеткен.
«Егер шынымен де көшіру немесе басқа да академиялық этиканы бұзу фактісі болса, оны елемеуге болмайды. Мұндай жағдайлар нақты әрі принципті түрде қарастырылуы керек. Әйтпесе, бұл кейін жоғары білім жүйесіне де таралады», — деді ол.
Саясат Нұрбек еліміздегі жоғары оқу орындарында да академиялық адалдық стандарттарын нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын еске салды:
«Бірнеше жыл бұрын Академиялық адалдық лигасы құрылды. Қазір оған шамамен 13 университет мүше болды. Бүгінде әр ЖОО-да этика кодексі бар. Біз этикалық нормаларды күшейтіп жатырмыз, бірақ әлі де көп жұмыс атқаруымыз қажет».
Сондай-ақ, ол жасанды зерде жайлы да ойын айта кетті:
«Қазір жасанды интеллект деген жаңа дүние пайда болды. Мысалы, АҚШ университеттері академиялық адалдықты сақтау үшін қайтадан қағаз форматындағы тест пен емтихандарға көше бастады», — деді Нұрбек.
Айта кетейік, оқушыны Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 23 мамырда мектептен шығару туралы шешім қабылданды. Ол тоқсандық бақылау кезінде телефонын алып қойған мұғалімді жұрттың көзінше балағаттаған. Педагог оның смартфонын бақылау жұмысы кезінде рұқсатсыз пайдаланғаны үшін тәркілеген. Педагогикалық кеңес оқушыны мектептен шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін, бала көпшілік алдында кешірім сұрап, мектепте қалдыруды өтінді.
Еске сала кетсек, бұл жағдайға саясаттанушы Ғазиз Әбішев те өз пікірін айтқан еді. Ғазиз Әбішевтің сөзінше НЗМ-дегі ойланбай әрекет еткен оқушыға берілген жаза толықтай орынды шешім.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық