Тарихи жеңіс: Қазақстан Grand Slam турнирінде үздік үштікке енді
Фото: Olimpic.kz
Әлемдік турнир қорытындысы бойынша 36 елден келген 295 татами шебері қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте үшінші орын алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жалғас Қайролла 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнир чемпионы атанды, 100 келіге дейінгі санатта алтын медальды Марат Байқамыров жеңіп алды. Осылайша олар Қазақстан қоржынына екі алтын жүлде салды.
Күміс жүлдегерлер қатарында 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар, 78 келіден жоғары санатта Камила Берлікаш бар.
Қола медальдарды Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) иеленді.
Бұл – отандық дзюдодағы тарихи жетістік. Қазақстан алғаш рет Grand Slam сериясындағы турнирде бірден екі чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Қазақстан бұл беделді турнирді қатарынан төртінші жыл қабылдап, әлемдік дзюдо қауымдастығы алдында ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жарысқа Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары, сондай-ақ Grand Slam және Masters серияларының жүлдегерлері қатысты.
Турнирдің алғашқы күні финалдық белдесулерді мемлекет басшысы тамашалады. Сондай-ақ жарыстың жарқын сәттерінің бірі Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қатысқан «Golden Fight» кездесуі болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды