Қатарынан төрт әуежайға ұшақ «миналанғандығы» туралы хабарланды
Минск-Нұр-Сұлтан ұшағындағы бомба туралы хаттар бірден төрт әуежайға, соның ішінде астанадағы әуежайға түсті.
«Сәуірдің 8-інен 9-ына қараған түні Нұр-Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш әуежайларының ақпараттық қызметтері мен электрондық мекенжайларына белгісіз біреулерден Минск-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшатын ұшақ бортында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына алғашқы құтқарушылар жіберілді. Ақпаратты тексеру кезінде жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ» делінген Қазақстан Республикасының лаңкестікке қарсы орталығы хабарламасында.
Қазір тәртіп сақшылары «әзілкешті» анықтауда, жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша (бес мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жаза) не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру бойынша тергеу басталғаны атап өтілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық