Тәліптер әйелдерге арналған орындарға терезе салуға тыйым салды
Фото: Elements.envato.com
Талибанның жоғарғы жетекшісі жаңа жарлық шығарды. Жарлықта әйелдер жиі болатын, қоғамдық орындарға қарайтын бөлмелерде терезелер cалуға тыйым салынды, деп хабарлайды Orda.kz.
AFP агенттігінің мәліметіне қарасақ, жаңа ережелер тұрғын үйлердің бәріне қатысты шығып отыр. Оларда «алаңға, асүйге, көршінің құдықтарына және әйелдер жиі болатын басқа жерлерге қарайтын терезелерді» орнатуға тыйым салынған. Талибан өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, бұл шара әйелдерді бақылаудан туындайтын «әдепсіз әрекеттердің» алдын алу үшін қабылданған.
Егер жаңа ғимараттар бұл талаптарға сәйкес келмесе, үй иелеріне қабырға тұрғызуға немесе көруді бөгейтін басқа тосқауылдар қоюға міндеттеме беріледі. Осы ережелердің орындалуын жергілікті билік органдары мен басқа да құзырлы мекемелер бақылап отыратын болады.
2021 жылы Талибан билікке келгеннен бері Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары қатты шектелді. Оларға мектепке баруға, жұмыс істеуге, саябақтар мен қоғамдық орындарға шығуға тыйым салынды. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл саясатты «гендерлік апартеид» деп атады.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін осы Ауғанстанда тұратын қазақтарға хабарласып, сұхбат алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық