Талибан билігі әйелдердің ерлерден мәһір мен сыйлық сұрауына тыйым салды
Фото: freepik.com
Ауғанстанда әйелдер бұдан былай күйеу жігіттен дәстүрлі неке сыйын талап ете алмайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ауғанстандағы талибан билігі әйелдерге жаңа тыйым салды. Әйелдер енді мәһір талап ете алмайды. Ресми тыйымды ғұламалар кеңесі енгізді.
Мәһір — күйеу жігіттің некеге тұрған кезде қалыңдыққа беретін дәстүрлі сыйы. Әйелдер ақша, киім, зергерлік бұйым және басқа сыйлықтар талап ете алатын еді.
Жарлықты ислам нормаларын сақтауға жауапты министрлік кеңесі қабылдады. Құжатта әйелдер ер адамдардан тек үйлену тойында ғана емес, басқа мерекелерде де сыйлық сұрауына болмайтыны жазылған.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, бұл шешімге тұрғындардың бірі наразылық білдіру үшін өзін өртеп жіберген оқиға себеп болған. Осыдан кейін билік қандай жағдай болмасын жаңа ережелер қатаң сақталуы керек деп мәлімдеді.
Еске салайық, Талибан билігі әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, басқа әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салған еді. Тәліптер саясаты билікке келгелі Ауғанстанда әйелдерге білім алуға, спортпен айналысуға, ерлермен сөйлесуге, қоғамдық ортада жүруге тыйым салынған.
Бұған дейін Orda.kz атажұрттан жырақтағы Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы жазған болатын. Шеттегі қазақты мына ұлан-ғайыр даламызға, атамекеніне біз шақырмасақ, оларға құшақ жаятын басқа ұлт жоқ екені бәріне түсінікті шығар. Жат елде өгей болған қандастардың жағдайын материалымыздан оқи отырыңыз.
Олардың әлі ассимиляцияға ұшырай қоймағанын ескерсек, елге келіп алса, санасы, көзқарасы өзгеріп, жергілікті халыққа сіңіп кетуі мүмкін. Өздері өзгермеген күннің өзінде қазақ балалары мектепке барып, білім алып, осы елдің бір азаматы болар еді.
ВВС Ауғанстандағы 15 жасар қыздың сотта ажырасуға қол жеткізіп, жеңгені жайлы ақпарат шығарған болатын. Алайда тәліптер билікке келген соң, күйеуі некені қайта заңдастыру жайлы арыз беріп, жеңіске жетті. Ауғанстан билігіне келгелі 3 жыл бойы тәліптер осылайша кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды некеден қорғайтын заңды өзгертіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық