Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды
Фото: AFP
Талибан билігі әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, басқа әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды деп хабарлайды Orda.kz Bild агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ізгілік министрі Халид Ханафи мәлімдеді. Әйелдер өз дауыстарын басқа ересек әйелдерге естіртпеуі керек. Осыған сәйкес, тәліптер тіпті Құранды басқа әйелдердің қатысуымен дауыстап оқуға тыйым салды.
Тәліптер саясаты адам құқығын таптауды жалғастырып жатыр. Ауғанстанда әйелдерге білім алуға, спортпен айналысуға, ер адамның ертіп жүруінсіз саяхаттауға, сұлулық салондарына немесе әйелдерге арналған баспаналарға баруға тыйым салынған. Қыркүйек айында тәлібтер ізгілік және ар-ождан заңдарын жариялады. Ол 114 беттен тұратын 35 бапты қамтиды. Бұл ереже әйелдерге ән айтуға және көпшілік алдында бірдеңе оқуға тыйым салады. Өйткені олардың дауысы интимдік сипатта деп есептеледі. Сондай-ақ, әйелдерге жабық киім кию және бөтен ер адамдардың көзіне тік қараудан аулақ болу талап етілген.
Бұрын ер адамдарға да тыйым салынған болатын. Оларға джинсы шалбар киюге, сақалдарын жұдырықтан қысқа қылып қыруға және сәнді шаш қиюға рұқсат жоқ.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі осындай қатаң заңға бағынған елдегі этникалық қазақтардан сұхбат алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық