Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
Фото Informburo
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу туралы өтініші сотта қанағаттандырылған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
Экс-шенеунік 2016 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Бүгінге дейін жаза мерзімінің тоғыз жылын өтеген, бұл — жалпы мерзімнің үштен екісі. Осы негізде ол шартты түрде босатуға өтініш берген еді.
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының мәліметінше, жазасын өтеу мекемесінің өкілдері Ермегияевтің тәртіпті екенін, ішкі ережелерді бұзбағанын, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқанын атап өткен. Ол сегіз рет марапатталған және үшінші деңгейлі оң мінез-құлық санатына жатқызылған. Бұған қоса, Ермегияев мемлекетке келтірілген залалдың бір бөлігін өтеп, 935 миллион теңгеден астам қаржыны қайтарған.
Дегенмен, прокурорлар бұл жеткіліксіз екенін айтты. Олар сотқа келтірілген шығынның толық өтелмегенін және өтеу бойынша нақты шаралардың қабылданбағанын жеткізді.
Сот прокурордың ұстанымын ескеріп, Ермегияевтің өтінішін қанағаттандырмады. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Талғат Ермегияевтің ұлы Мәди Ермегияев қоғам мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жасады. Ол әкесінің кінәсіз сотталғанын айтып, істің қайта қаралуын сұрады.
«Әкем ұрлық жасап байыған жоқ. Керісінше, ол мемлекет қаржысын қорғауға тырысты. Бірақ дәл осы әрекеті үшін қудалауға ұшырады», – деді ол.
Мәди Ермегияев анасының ауыр дертке шалдыққанын, отбасының он жылдан бері әділеттілік күтіп келе жатқанын атап өтті.
Талғат Ермегияевке қатысты үкім 2016 жылы шыққан. Ол кезде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты экс-басшыны «өкілеттігін асыра пайдаланды» және «мемлекет қаржысын жымқырды» деп танып, 14 жылға соттаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық