«Шындықты қызыл тілмен көме алмайсың»: Талғат Ермегияевтің ұлы Тоқаевқа үндеу жолдады
Фото: Orda.kz
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 2016 жылдың жазында ірі көлемде пара алды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді, бүгінде адвокаттары баспасөз-мәслихаты өткізді. Экс-министрдің адвокаттарының сөзінше, Ермегияев жазықсыз түрмеде 9 жылын өткізген.
2016 жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің анық-қанығын білу үшін Orda.kz тілшісі олар ұйымдастырған баспасөз-мәслихатына қатысты.
Баспасөз-мәслихатын Алла Котлова есімді Талғат Ермегияевтің ісінде басынан аяқ жүрген адвокат бастады. Оның айтуынша, құрылыс басталатын кезде шарттар экономикалық негіздемелермен айқындалған болжамды құны бойынша жасалды.
«Жоба шыққаннан кейін, бұл баға нақтыланады. Егер қаржы көбірек берілетін болса, артық ақша кері аударылады. Ұрлық болмас үшін Талғат барлық кәсіпкерлерге ақша жағынан сақтандырумен келісім-шартқа отырды. Құрылыс кезінде бұл аванс ретінде беріледі. Егер құрылыс барысында бірдеңе орындалмай қалатын болса, сақтандыру компаниясы Экспоға өтемақы төлейді», – деді экс-министрдің адвокаты Алла Котлова.
Котлованың сөзінше, Талғат басқармада жүрген кезде орындалған жұмыстар актісі бойынша 9,млрд теңгеге келісім-шартқа қол қойған. Онымен келісім-шартқа отырған ADS компаниясы құрылысты толығымен салып бітірген. Осы тұста «Экспо» жұмысы аяқталған нысанды балансына алған.
«Сонда ол мекеменің іргетасын қалау үшін 3,7 млрд теңге жұмасаса, Экспо бұл мекемені 3,5 млрд теңгеге қабылдаған. Ал ол құрылыс 9,9 млрд теңгеге салынған».
Алла Котлова мен Анар Құсайынова Ермегияевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші сотта қаралып жатқанын айтты. Заңгерлердің айтуынша, олар халықтың шын мәнінде не болғанын білгенін қалайды.
«Бұл процесті барлығы бақылап отырған жоқ. 10 жылға жуық уақыт өтті. Көптеген адамдар егжей-тегжейін білмеді. Біз Қазақстан халқына бұл істе барлығы «шынымен солай ма?» деген сұраққа көз жеткізгенін қалаймыз. Міне, сондықтан да біз 10 жылдық үнсіздікті бұзу туралы шешім қабылдадық», – деді Анар Құсайынова.


Аталмыш баспасөз-мәслихатына Талғат Ермегияевтің ұлы Мәди Ермегияев та қатысып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
«Құрметті қауым, мен Ермегияв Мәди Ермегияв Талғаттың ұлымын. Бүгін мен бұл залға заңгер ретінде емес, баласы ретінде келіп тұрмын. 10 жыл бойы менің отбасым әділет іздеп келеді. Әкем ұрлық жасап байып кеткен жоқ, керісінше ол мемлекеттің қаражатын қорғағаны үшін жазаға тартылған азамат. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, “ақ қағазға қара сиямен жазылған шындықты қызыл тілмен көміп тастай алмайсың”. Бүгін біз шындықты ашу үшін жиналдық», – деді экс-министрдің ұлы Мәди Ермегияев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босаудан бас тартқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық