Талғардағы уақытша ұстау абақтысынан қашып кеткен адам қамауға алынды
Бейнежазба скриншоты
Орда.kz редакциясына уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен педофил күдіктінің жедел ұсталғаны туралы видео келді.
Кадрларда қауіпсіздік күштері мен еріктілердің күдіктінің қолын артына қайырып, жерге құлатқаны көрінеді.
«Біз оны ұстадық, ұсталды!» ,- деген дауыстар естіледі.
Ұсталған қашқынның өзі заңсыз жазаламауды өтініп жатыр. Бейнежазбада оның :
«Жігіттер, мені ұрмаңдар. Маған жазықсыз айып тағылып жатыр... Ойларыңа келгенді істемеңдер! Менің қолым сынған, ақырын, абайлаңдар!», - дегені анық естіліп тұр.
Естеріңізге салайық, Тереңқара ауылының шетінде жүргізілген ауқымды жедел іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер 21 қазан күні Талғар уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті Бекарыс Қалмырзаевты ұстады.
Ол қашып кеткеннен кейін іздестіруге бірден барлық полиция күштері тартылды. Еріктілер жасақтары да іздестіру жұмыстарына белсене атсалысты.
Оның ішінде қоғамдық көмекшілер, еріктілер егістік алқаптарды, орман белдеулерін және бос ғимараттарды адақтап, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарынан сұрастырған болатын.
Ұсалғаннан кейін қашқын уақытша ұстау изоляторына қайтарылды. Оған негізгі айыппен қоса, қамаудан қашып кеткені үшін тағы да айып қосылады. Полицейлер мұндай жағдайлар кешенді шараларды қажет ететінін атап өтіп, іздеуге көмектескен және операцияның сәтті аяқталуын қамтамасыз еткен жұртшылыққа алғысын білдірді.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды