Талғардағы қылмыс жайлы жаңа мәлімдеме: Күдіктінің анасы жәбірленушіні айыптады
Коллаж: Orda.kz
Талғар ауданының Қызылқайрат ауылындағы қанды қылмыстың себепшісі болған күдіктінің анасы көпшілікке баласының мұндай ауыр қылмыс жасауға жәбірленуші өзі жеткізгенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде күдікті Еламан Айғазиновтің анасының айтуынша, баласының мұндай ауыр қылмысқа баруына өз себебі бар. Оны тек анасы мен жәбірленуші Аружан Тұрғынбек білетінін жеткізді.
«Менің баламның істегенін дұрыс демеймін. Алла алдында да, заң алдында жауап береді. Қолымен істегенді мойнымен көтереді. Бірақ, шулап беттен алып, төстен шауып, жағадан алғанша баламның однай әркетке не үшін барғанын сұрайтын бір адам жоқ. Менің балам өзінен-өзі мылтық алып жүгіріп кетпейді. Менен сұраңыздар, мен бар шындықты айтып беремін. Аружан шу шығарғанша, шындықты айтсын. Содан сұраңыздар. Осы уақытқа дейін Аружан үйіме келіп, асымды ішіп, ақ ормалымды тағып, осында қонып жүрді. Шындықты айтсын Аружан. Елманды мылтық ұстап адам өлтіруге қалай жеткізгендеріңді өзім айтамын», — деді Айғазиновтің анасы.
Еске сала кетейік, адвокат Гаухар Сәриеваның айтуынша, Еламан Айғазинов Аружан Тұрғанбекті зорлап, бір ай бойы жалаңаш суреттері мен видеоларын тартып, қоқан-лоқы көрсеткен. 3 қыркүйек күні ер адамды полицияға ұстап апарып тапсырғанымен, Талғар полициясы оны қамауға алмастан сол күні кешке қарай босатып жіберген. Ал келесі күні күдікті зорланған қыздың ағасын жүрек тұсынан екі рет атып, 3 жасар бүлдіршінді кепілдікке алған.
Тілшіміз оқиға орнына барып, істің мәнісін біліп қайтты. Қанды қылмыстың мән-жайын мына репортаждан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық