Талғардағы қанды қылмыстың құрбанын туыстары жер қойынына тапсырды
Коллаж: Orda.kz
Талғар ауданының Қызылқайрат ауылында қанды қылмыстың құрбаны болған 30 жастағы марқұмды жер қойнауына тапсырды. Талғар полициясы қыз зорлау фактісінен кейін босатып жіберген ер адам ертесіне зорланған қыздың ағасын жүрек тұсынан екі рет атып, 3 жасар қызды кепілдіке алып кетіп суицид жасамақшы болған, деп хабарлады Orda.kz.
Бүгін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 30 жастағы Ернар Тұрғанбековты туыстары жер қойнына тапсырды. Марқұмның артында жүкті әйелі мен үш баласы қалды.
Айта кетейік, елді дүр сілкіндірген қылмысқа себепші, қыз зорлап, сурет пен бейнежазбаға жалаңаш түсіріп, қорқытып-үркіткен ер адамды ауыл тұрғындары полицияға ұстап тапсырған.
Алайда Талғар аудандық полициясы күдіктіні қамауға алмай, босатып жібергеннен соң ол осындай қылмысқа барып отыр.
Арада бір күн өткен соң күдікті жанына екі-үш жігітті ертіп, қыздың үйіне қайта оралды. Жолай дүкенге бара жатқан 30 жастағы Ернарды көліктен түсіп, көптің көзінше жүрек тұсынан екі рет атып өлтірген. Кейін үйге кіріп, отбасы мүшелерін қорқытып, 3 жасар бүлдіршінді кепілге алған.
Сонымен қатар, прокуратура осы оқиғадан кейін полицияға қатысты қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі (лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі) бойынша іс қозғады.
Оқиғаның мән-жайын Orda.kz тілшісінің репортажынан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық