Талғарда тағы бір қанды оқиға: Әйел анасымен бірге бұрынғы күйеуін 30 жерден пышақтады деген күдікке ілікті
Коллаж: ЖИ
Талғарда тағы бір сұмдық қанды оқиға болды. Бұл жолы 47 жастағы 7 баланың әкесін бұрынғы әйелі мен енесі 30 жерінен пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қанды оқиғаның мән-жайын Orda.kz тілшісі біліп қайтты.
Оқиға Алматы облысы Талғар қаласында 14 ақпанда болды. Жалпы 47 жастағы Алмат есімді ер азаматтың (туыстары тегін сұрады) Талғарда жеке шаруашылығы болған. Бірінші некеден 3 баласы бар, ал қазір күдікті болып отырған екінші әйелімен 2010 жылы некелескен. Алайда олар 2019 жылы заңды түрде ажырасып кеткен екен, содан бері бір қосылып, бір ұрысып, барып-келіп жүрген. Марқұмның туысының айтуынша, күдікті әйелі Талғар әкімі орынбасарының хатшысы болып істеген екен. Туыстарының айтуынша, Талғар қаласындағы пәтерді екеуін «тағы да қосылып өмір сүріп көрейік», деп жалдаған екен. Арада кәмелеттік жасқа толмаған төрт бала бар, алдыңғысы 15-те болса кішісі 4-те екен. Қанды оқиға да осы төрт жасөспірімнің көзінше болыпты.
Оқиға болардың алдында 11 ақпанда 39 жастағы бұрынғы келіншегі ер адамның шаруашылығынан ешкімге айтпай үш жылқыны сатып жіберген. Ал марқұм жылқылары жоғалып кетті деп полицияға арыз жазған.
«Бұрынғы әйелі менің ағама айтпай жылқыларды сатып жіберген екен. Содан ағам жылқының жоғалғанын айтып полицияға шағымданған. Арада жанжал туындап оған ашуланған әйелі өзінің шешесімен келіп, менің ағамды 30-дан астам жерінен пышақтап өлтірді деп ойлаймын. Олардың отбасында бір тұрақтылық болды деп айта алмаймын. Келіншегімен ажырасып кетсе де кейіннен бір қосылып, бір айырылысып жүрді. Жалпы жеңгемнің мінезі соңғы жылдары қатты өзгеріп кетті. Балаларды жиі күйеуіне тастап, арасында еш хабарсыз кетіп қалатын», — деді марқұмның туысы Әлия.
Ер адам әбден қорланып өлгендігі көршілерге естілген жанайқайынан белгілі болған екен. Қарама-қарсы тұрған көршісі «Помогите» деп айқайлаған жан дауысын ести сала есікті қақса да, арғы беттен ешкім ашпаған. Ақырында көрші үйдің иесіне хабарласып, сұмдық жағдай болып жатқанын хабарлаған. Үй иесі келгенен соң ғана полиция шақырылыпты.
Сонымен қатар, туысының айтуынша, қанды оқиға болған сол пәтердегі төрт баланың жағдайы тым ауыр әрі психологиялық соққы алған. Оларға арнайы психолог маманның көмегі керек екен. Оқиға болған соң полиция хабарласып, Әлияға ағаңыз ауыр жарақат алды деп шақырған, жалдамалы пәтерге келген қарындасы бірнеше сағат пәтер алдында ішке кіре алмай тұрған. Пәтерге тергеуге қатысты арнайы мөр басылғандықтан ішке кіре алмадық, алайда есік саңылауынан пәтерде жаға ұстатарлық қанды қасап болғаны көрінді. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың адвокаттары Асылбек Әбдірайымов пен Жандос Палмановтың айтуынша, оқиға орнынан ас үй пышағы табылыпты.
«Оқиға орнында бұрынғы әйелі ме енесі болған, олар бірден ұсталған. Үйдің бәрі қан, төрт бала психологиялық соққы алды. Полиция басқармасы тергеу жан-жақты жүріп жатыр барлық сараптама жасалуда, қорытындысы шыққанда кімнің нақты қандай іс-әрекет жасағаны белгілі болады. Оларға қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша, яғни «Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған кісі өлтіру» фактісімен іс қозғалды» , — Асылбек Әбдірайымов.
Ал полиция өкілдері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айтты.
«Отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде бір топ адамның қатысуымен жасалған кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.
Orda.kz Оқиғаның алда қалай өрбитінін бақылауда ұстайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық