Тағы да Талғар: Ғалымжан Шерзатұлы 53 күннен кейін қайта жерленді
Коллаж: Orda.kz
Талғар полициясында «азапталдым» деп өзіне қол салған Ғалымжан Шерзатұлы 53 күннен кейін жер қойнауына қайта тапсырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған 27 жастағы Ғалымжан Каримовтің сүйегі туған жері — Түркістан облысы Келес ауданында қайта жерленді. Бұған дейін полиция оны «туысы жоқ» деп атаусыз молаға жасырын жерлеп тастаған болатын. 53 күннен кейін ғана ата-анасы ұлының денесін қазып алып, өз ауылына жеткізді.
Мәйітке эксгумация жасалды, енді мамандар жігіттің денесіндегі соққы іздері мен азаптау белгілерін тексереді. Сараптама қорытындысы бір айдан соң дайын болады.
Еске салсақ, желтоқсанда Алматыда хабар-ошарсыз кеткен 27 жастағы Ғалымжан Шерзатұлы Талғар аудандық полиция бөлімінде азаптауға ұшырағаннан кейін, көп ұзамай өзіне қол салды. Бұл жайлы Ғалымжанның соңғы хатында айтылды.
Онда, полиция бөлімдегі бейнебақылау камералары сөндіріліп, оның басына пакет кигізіп, ұрып-соққаны айтылған. Азаптаудан кейін Ғалымжан үйіне жіберілген. Сол күні шамамен сағат 23:30-да ол үйіне келген. Келесі күні таңғы сағат алты шамасында Ғалымжан Алатау ауданындағы жалдамалы пәтерінен шығып кеткен. Қала сыртына барып, Шерзатұлы өзіне қол салды.
Ал ресми органдар оның мәйітін «туыстары жоқ адам» ретінде жерлеп, бұл туралы ата-анасына тек 40 күннен кейін ғана хабарлаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық