Талғар ауданында автобус пен Камаз соқтығысты
Фото: Pexels
Алматы облысының Талғар ауданында қоғамдық көлік қатысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 26 мамыр күні кешкі сағат 18:00 шамасында Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 14 шақырымында болған.
Полиция мәліметінше, SAZ маркалы автобус жүргізушісі реттелетін қиылыста солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан КАМАЗ жүк көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысқан.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода жүк тиелген арнайы техниканың автобусты қатты соққаны көрінеді.
Жол апаты салдарынан көліктер механикалық зақым алған. Автобус жолаушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Полиция жол-көлік оқиғасына себеп болған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық