Талдықорғанның бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz
Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Әсет Масабаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 2025 жылғы 23 қаңтардан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды», деп хабарлады әкімдіктегілер.
Былтыр мамыр айының басында Әсет Масабаев инсультпен жансақтау бөліміне түскен. Оның денсаулығының қалпына келуіне бір айға жуық уақыт кетті. Ол кетеріне екі апта қалғанда жұмысқа қайта кірісті. Кейін 30 маусымда оның отставкаға кеткені белгілі болды.
Әсет Дүйсебекұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Электрэнергетикалық жүйелер және тораптар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы, Ресей халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциялары» Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, Алматы қаласы Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2024 жылғы 16 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін ULKEN GROUP LTD жеке компаниясының басқарушы директоры болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық