Дональд Трамп үндеу жолдап, Путинді «қорқытып» қойды
Фото: White house
Украина мәселесі шешілмесе, АҚШ Ресейдің бүкіл тауарына санкция салады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Трамп Путинге жасаған алғашқы үндеуінде мәлімдеді. Ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
«Егер біз Украина мәселесі бойынша жақын арада келісімге келмесек, Ресейдің Америкаға экспорттайтын бүкіл тауарына жоғары салықтар, тарифтер және санкция енгіземіз. Бұл салықтар, тарифтер және санкциялар Ресейдің басқа елдерге сататын тауарларына да қатысты болады», - деді АҚШ президенті.
Трамп соғысты тоқтату арқылы Путинге үлкен жақсылық жасағалы отырғанын айтады. Өйткені онсыз да Ресейдің экономикасы күйрегелі тұр. Ол соғыс жалғаса берсе, жағдай қиындап, адам шығыны да көп болатынын жеткізді.
«Біз Ресейдің 60 000 000-ға жуық адамның өмірін қиып, екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге көмектескенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Осының бәрін ескере отырып, мен экономикасы құлдырап бара жатқан Ресейге және президент Путинге өте үлкен жақсылық жасаймын» деп жазды Трамп.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық