Талдықорғанда сарбаздың қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды
Фото: Pexels
Алматы гарнизонының әскери соты мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қазасына әкеп соққан салғырттығы үшін батальон командирі орынбасарын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Қайғылы оқиға Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болғанын Orda.kz хабарлайды.
2025 жылғы 23 қыркүйекте қаруды тазалау кезінде пулеметтен абайсызда оқ атылған. Салдарынан қатардағы жауынгер А.Сейітқали жарақат алып, көз жұмған.
Тергеу барысында батальон командирінің орынбасары алдыңғы күні өткен атыс жаттығуларынан кейін қаруды толық тексермегені анықталды. Соның салдарынан пулемет ұңғысында бір оқ қалып қойған. Дәл осы оқ әскери қызметшінің қазасына себеп болған.
Офицер Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша — ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау фактісімен кінәлі деп танылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық