Неліктен Израильдің Иранға жасаған шабуылы Қазақстанға пайда әкелді?
• Фото: Mehr News Agency / Wikimedia Commons, CC BY 4.0.
Израиль Иранға жасаған әуе соққысымен Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі жағдайды одан әрі ушықтырды. Дегенмен бұл шабуыл Қазақстанға күтпеген экономикалық пайда әкелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлемдік нарықта мұнай бағасы көтеріліп жатыр, ал бұл Қазақстан экономикасы үшін тиімді. Экономист Руслан Сұлтанов Tengenomika Telegram-арнасында жариялаған жазбасында соққыдан кейін Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 6%-ға өсіп, барреліне 73 доллардан асып кеткенін атап өтті. Кейбір келісімшарттарда баға 75,58 долларға дейін жеткен. Бұл — соңғы екі айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Иранға жасалған шабуыл Таяу Шығыстағы дағдарысты тереңдете түсті: Тегеран жауап соққы беруге дайындалып жатыр, АҚШ аймақтағы әскери базаларынан персоналын эвакуациялауда, ал мұнай тасымалына төнген қауіптің артуы бағаға тікелей әсер етіп отыр.
«Шиеленістің күшеюі — әлемдегі мұнайдың шамамен 20%-ы өтетін Ормуз бұғазындағы тұрақтылыққа қатер төндіреді. Бағаның өсуіне АҚШ-тағы мұнай қорының 3,6 миллион баррельге азаюы мен инфляция деңгейінің төмендеуі де ықпал етті. Бұл факторлар Федералдық резерв жүйесінің қыркүйекте мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген үмітті күшейтті», — дейді Руслан Сұлтанов.
Қазіргі уақытта Иран мұнай өндіру көлемі соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгейге жетіп отыр — тәулігіне 3,3 миллион баррель. Оның шамамен жартысы әлемдік нарыққа экспортталады, бұл — жаһандық ұсыныстың 2%-ына жуық. Қазақстан да осыған ұқсас көлемде мұнай өндіреді.
«Геосаяси турбуленттік басталды. Енді мұнай бағасы тек ұсыныс пен сұранысқа ғана емес, мемлекетаралық қайшылықтарға да тәуелді бола бастады. Қазақстан үшін бұл жағдай экспорттан түсетін табыстың артуына, теңгенің нығаюына және Ұлттық қор кірісінің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Алайда мұндай өсімнің қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Геосаяси ахуал кез келген сәтте күрт өзгеруі мүмкін», — деп атап өтті Сұлтанов.
Әзірге Израильдің Иранға жасаған шабуылы Қазақстанның пайдасына шешіліп отыр. Бірақ алдағы уақытта АҚШ-тың араласуы немесе Ормуз бұғазындағы тасымалдың тоқтауы жағдайды мүлдем басқа арнаға бұруы ықтимал.
Шиеленістің күшеюіне байланысты инвесторлар қауіпсіз актив ретінде алтынға бет бұра бастады. Қазақстан бұл асыл металды өндіруші елдердің бірі.
«Инвесторлар сенімді бағыт — қауіпсіз активтерге көшуде. Алтын бағасы 46,5 долларға, яғни 1,37%-ға өсіп, унциясы 3448,92 долларға жетті. Бұл — соңғы айлардағы тұрақты өсімнің жалғасы. Асыл металл жаһандық қауіптің индикаторына айналып барады», — дейді экономист.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль «Арыстан ұлты» операциясы аясында Ирандағы әуе соққысынан кейін Ислам революциясы сақшылар корпусының басшысы, генерал Хоссейн Салами қаза тапты. Бұл жағдай аймақтағы ахуалдың одан әрі күрделеніп жатқанын аңғартады. Жағдайдың толық мән-жайы алдағы материалдарда жарияланады.
Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық