Қазақстан Катармен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниетті
Қазақстан Катармен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниетті, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
«Қосымша беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім жобасы мақұлдансын» делінген Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасында.
Құжатқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 12-13 қазандағы Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша өкімі негіз болды.
Осы келісім аясында тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтасады:
· әскери білім беру және әскери кадрларды даярлау;
· әскери медицина;
· әскери ғылым;
· әскери саладағы мәдени және спорттық іс-шаралар;
· бітімгершілік операцияларға қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;
· жауынгерлік дайындық.
«Тараптар өзара келісілген ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын қарастырады» делінген келісім жобасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық