Тағы да Талғар: Бір топ ер адам жігітті есінен танғанша сабады
Фото: бейнеден кадр
Талғар ауданындағы ер адамды жабылып соққыға жыққан бір топ жігіттің бейнежазбасы желіні шулатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Желіде Талғар ауданында бір топ ер адам жабылып, бір адамды тепкілеп жатқаны көрінетін бейнажазба тарады.
«Талғар ауданындағы «Нұрия» тұрғын үй кешені. Бір топ адам жігітті есінен танғанша ұрып-соқты. Оның бет-аузы қан-жоса болып, әрең тұрып кетті. Ал бұзақылардың бірі терезеден бейнежазбаға түсіріп тұрғандарға боқтық сөздер айтып, қорқытып, оның бұған лайық екенін айқайлап айтты» деп жазды Сырым Итқұлов.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның 27 сәуір күні таңертең Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болғаны анықталды. Тәртіп бұзушылық әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталғаны аталды.
«Көше төбелесіне қатысқан барлық тұлғаларды анықтау және ұстау шаралары жүріп жатыр. Барлық қатысушылар, ешқандай ерекшеліксіз, ұсталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Полиция кез келген агрессия мен қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері дереу және қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді», деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.
Еске сала кетейік, кеше 28 сәуір Болат Назарбаевтың қолшоқпары Айбек Қоспаевтың сотында тараптар арасында жарыссөз болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық