«Тағы да әскер, тағы да сарбаз»: Түркістан облысында сарбаз өз-өзін атып өлтірмекші болды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы, Арыс гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметте болған сарбаз өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте болды.
«Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісім-шарт бойынша әскери қызметте кезекшілік міндетін атқару кезінде басынан травматикалық қарудан жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз жанұясындағы кикілжің салдарынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған» делінген баспасөз хабарламасында.
Сарбаз жергілікті ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда, жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда, өміріне қауіп жоқ. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.
Айта кетейік, жалпы елімізде әскердің айналасындағы мәселе ушығып тұр. Соңғы айлардағы әскерде жарақтанған, өз-өзіне қол жұмсаған, басқа да әлімжеттіке ұшыраған оқиғаларға тоқталайық. Жезқазғанда рота командирі оқу-жаттығу полигонында жарақат алды.
Алматының Түріксіб ауданында, құрлық әскерлерінің әскери институты аумағында 44 жастағы сержанттың өлі денесі табылды. Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметін өтеуге жалғыз ұлын жіберген отбасына баланың мүрдесі қайтты. Осы сынды елімізде резонанс болған Мұхтар Ербаянның ісінен бөлек тағы да басқа оқиғалар соңғы екі айдың өзінде тоқтамай тұр.
Әскерге қатысты мәселенің ушыққаны соншалықты ел бойынша міндетті әскери қызметті жою бойынша петицияны қолдайтындардың қатары көбейіп жатыр.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды