Таеквондодан қазақ бапкері «Жылдың үздігі» атанды
Фото: Instagram / Есбол Сұлтанов
Париж Олимпиадасында Тунис еліне 1 алтын 1 қола әкелген қазақстандық Есбол Сұлтанов әлем бойынша таеквондодан жылдың «Үздік бапкері» атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Талантымен Тунисті ғана емес төрткүл дүниені мойындатқан Есбол Сұлтановты Гонконгта өткен дүниежүзілік таеквондо федерациясы WT (Workd Taekwondo) 2024 жылдың үздік бапкері деп марапаттады.
Айта кетейік, таеквондо тарихында тұңғыш рет Қазақстандық бапкер жыл үздіктерінің қатарынан табылып отыр. Осыған дейін Orda.kz тілшісі Тунис ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысынан сұхбат алған болатын.
Сұлтанов өзінің Instagram парақшасында қуанышымен бөлісіп, алғысын білдірді.
«Бүгін дүниежүзілік таэквондо федерациясынан «Үздік бапкер» марапатын алдым. Тунистік таэквондо ұжымын құттықтаймын! Біз бұл жетістікке бірге жеттік. Федерация президентіне, жаттықтырушыларға, спортшыларға шексіз алғысымды білдіремін. Париж Олимпиадасында Тунис 4-орынға ие болып, бір алтын және бір қола жеңіп алдық. Лос-Анджелесте Тунис бұдан да биікке көтеріледі деп сенемін»,– деді Есбол Сұлтанов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық