«Сүйіктісіне сыйлық»: Ақтауда әскери тергеу басқармасының бастығы парамен ұсталды
Фото: freepik.com
Ақтауда ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы Мұхит Жабғашевті ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.
Комитеттің баспасөз қызметі растағандай, Жабғашевпен бірге оның қол астындағы қызметкері, аға лейтенант Асхат Сәдуақасов та күдікке ілінген. Тергеу ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы «Пара алу» бойынша жүргізіліп жатыр. Қосымша мәліметтер тергеу құпиялығына байланысты жарияланбады.
Дегенмен, белгілі болғандай, офицерлер 1 миллион теңге көлемінде пара алып, қорғаныс министрлігі қызметкерін қылмыстық істе қолдау көрсетуге уәде берген. Ұсталған кезде олардан 700 мың теңге табылған. Бұл параның бір бөлігі болуы мүмкін.
47 жастағы Мұхит Жабғашев бұған дейін де атышулы істерге қатысқаны белгілі болды. 2023 жылы ол Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы болып тұрған кезде, оның қол астындағы бас есепші Мақсат Мұқат 126 миллион теңге ұрлады деген айыппен сотталған.
Сот барысында Мұқат ақшаны Жабғашевпен бірге жымқырғанын айтып, оны сүйіктісіне қымбат сыйлықтар мен шетелдік демалыстарға жұмсағанын мәлімдеген.
Жабғашев бұл айыптарды теріске шығарып, қол астындағы қызметкеріне толық сенгенін айтты. Дегенмен, сот оның кінәсін дәлелдей алмаған соң, бас бухгалтер 8 жылға сотталды.
2023 жылы Жабғашев Батыс өңірлік басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бірақ 2024 жылдың соңында ол жаңа қылмыстық істің басты фигуранты атанып отыр.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды