Судьяға жедел жәрдем шақырылды: 30 млн бопсалаған блогерлердің үкімі кейінге қалды
Коллаж: Orda.kz
14 қазан күні Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кәсіпкерден 30,5 миллион теңге бопсалады деп айыпталған блогерлерге қатысты сот үкімі шығу керек еді.
Orda.kz журналистері күні бойы сот ғимаратының табалдырығын тоздырса да, үкімді біле алмады.
13 қазан күні Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында блогер әрі қоғам белсенділері: Дамир Кушеев пен Руслан Каримовқа қатысты сот процесінің жарыссөз кезеңі аяқталды. Олар кәсіпкер Бахтияр Блаевтан 30,5 миллион теңге бопсалады деп айыпталып отыр. Айыпталушылар қатарында кәсіпкерлер Андрей Белянский мен Құрманғазы Айтмұханов та бар.
Сот үкімі 14 қазан сағат 10:00-ге белгіленсе де, 11:30-да басталды. Бұл осы ғимаратта қатар өтіп жатқан «Дикий Арман» ісі бойынша апелляциялық отырыспен байланысты болса керек.
Отырыс бастала сала судья Бәкірбаев алқабилерге қойылатын сұрақтарды оқып шығып, алқабилермен бірге кеңесу бөлмесіне кетті.
Сот хатшысы бұл рәсім кемінде жарты сағатқа, көбіне екі сағатқа дейін созылатынын ескертті. Алайда жарты сағаттан кейін де, екі сағаттан кейін де үкім жайлы хабар болмады. Кейін сот түскі үзіліске кетті. Сағат 14:30 шамасында адамдар қайтадан залға жиналды.
Күтуден шаршаған жұрт түрлі жорамалдар айта бастады. Бірі мұны алқабилерге қысым жасалып жатыр деп түсінсе, енді бірі: «ақтап қалады-ау» деп үміттенді.
Шамамен 16:00-де қолдары артына қайырылып, кісенделген айыпталушылар залға кірді.
«Өз-өзіне қол жұмсамасын деп кісен салды», — деп қалжыңдады Дамир Кушеев.
Содан кейін байыппен:
«Алқабилер қызу талқылап жатқан сияқты, жедел жәрдем шақырыпты», — деді.
Бірақ дәрігерлер алқабилерге емес, судьяға шақырылған болып шықты. Шамамен жарты сағаттан соң залға сот хатшысы кіріп:
«Құрметті қатысушылар, кешірім сұраймыз. Судьяның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылды. Үкім ертең сағат 12:00-ге шегерілді», —деп хабарлады.
Зал ішінде абыр-сабыр күшейіп, процеске қатысушылар наразылықтарын білдіре бастады.
Осылайша, 14 қазан күні журналистер мен қатысушылар сот ғимаратында бір күн күткенмен, шешімді ести алмады. Сот отырысы 15 қазанда жалғасады.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысын жүргізген — әлеуметтік желілерде «танымал» болып үлгерген судья Бақытхан Бәкірбаев. Көпшілік оны желіде тараған бейнероликтен таниды. Онда судья сот отырысы кезінде саусақтарымен торға ұқсайтын ишара көрсеткен еді. Жұрт оның бұл әрекетін қызу талқылаған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық